2020 жылдың 15 желтоқсанында ФК-12С, ДОВ-12С, ЖББ-11А топ басшылары Сатиева С.М., Оралова М.Б., Нугманова А.Б. ұйымдастыруымен, «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушылардың қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Іс-шара патриотизм сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халқының тарихи өткені мен, бүгіні және жарқын болашағына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды.