АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 15 Желтоксан 2020 06:35

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным!»

ҚР Тәуелсіздік күніне орай кураторлар М.Д.Касимова, О.М.Емельянова, А.Ф.Герасимова «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында ашық кураторлық сағат – викторина өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты Қазақстан тарихы бойынша білімді бекіту, патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан халықтарының өткені мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болып табылады.

Кураторлық сағат бес бөлімнен тұратын ойын форматында өтті. Онда қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Студенттер бұл ойынға белсенді қатысты. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын - Тютебаев Ренат, 2 орын - Мартынова Диана. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Авторлары: Касимова М.Д., Емельянова О.М., Герасимова А.Ф.