АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 23 Сәуір 2016 09:28

«Интеллект-келешек» атты зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конференциясы

    20.04.16. азаматтық қорғаныс колледжінде жаратылыстану – математика және АЖ пәндерінің  «Қызығушылығына қарай оқыту» айдарымен өткізілген апталық ішінде 1-2 курс білімалушыларының «Интеллект-келешек» атты зерттеу жұмыстары мен шығармашылық  жобалар конференциясы ұйымдастырылды.  

Конференцияның мақсаты білімалушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіре отырып,  қабілеттерін арттыру жолымен олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болып табылды.

     Конференция жұмысы «Бар әлемде бірнеше ұрпақ буындарын әбігерге түсіре отырып, жер бетінде ғылыми прогресс өрлеуде. Бұл өрлеу нені айқындайды?» цитатамен бағытталды. Бұл күн- дарынды, талапты, ойшыл және ізденіс үстіндегі білімалушылар шығармашылығы күні болды. Конференцияда «Жоба және реферат қорғау» сайысына 13 білімалушылар қатысты. Щербакова Е., Ермакова К. (ПВ-12), Жузен Д. (ЧС12), Бильман Н(ЧС12) білімалушылардың жобалары ерекше орын алдын Рефераттар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары шектелмеді. Білімалушылар 6 ғылыми бағыттағы тақырыптарды таңдады: Кенжебекова М (ҚТ-11), Гекман А (ФК-12), Правич И. (ПБ-12) секілді білімалушылардың рефераттары жоғары бағаланды. Білімалушылардың осындай іс-шараларға қатысуы, ең алдымен өздерінің шығармашылық, рухани және интеллектуалдық мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, пәндерді тереңдете оқуға қызығушылықтарын оятады, ғылыми зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға ыңтықтырады да, білімалушыларды өзін-өзі танытуға жағдай туғызады. Ал оқытушылар мұндай білімалушыларға өз білімдерін, тәжірибелерін жұмсап, бар жанымен көмектесуге әрқашан дайын.

     Арапова Г.Б.