АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 04 Желтоксан 2020 10:10

Біздің жетістіктеріміз

Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес, кафедраның оқытушылары  өз білімдерін жетілдіру мен біліктіліктерін арттыру мақсатында,  қашықтан  ұйымдастырылған олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, жеңімпаз атануда.

Кафедранының жас оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, Иса Дана Сансызбайқызы ubtest.kz  Ұстаздар арасында ұйымдастырылған "Үздік педагог" республикалық онлайн олимпиадасы І дәрежелі диломға ие болып  және алғыс хатпен марапатталды.

Озық тәжрибемен бөлісу мақсатында  математика пәні оқытушысы Нурсейтова Райхан Зайнулкабиденовна  Ustas tilegi республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жиынтық бағалау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жолдары» атты республикалық онлайн конференцияна қатысып сертификатталды.  Сол сияқты Республикалық «Ең үздік заманауи сабақ» атты байқауына  «Көрсеткіштік және логорифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер  тақырыбына жіберілген жұмысы ең үздік деп  танылып, «Үздік математик» номинациясы бойынша I орын алды. 

Тәжірибелі оқытушылар математика пәнінің оқытушысы Рахметова Раушан Зайнулкабиденовна және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Абильтаева Самал Бекбасовна ҚР Тұңғыш қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz олимпиада сайты колледж және мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Үздік педагог" олимпиадасының ақтық кезеңіне жолдама алып,  іріктеу кезеңінде  СЕРТИФИКАТПЕН марапатталды.  Сол сияқты экономика пәндерінің оқытушысы Кайникенова Айгуль Балташовна Қазақстандық «Дар учителя» интернет журналы өткізген «Осенний праздник-2020»  қашықтық сайсынды І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кафедраның ОӘС төрайымы Тойлыбаева У.О.