20 қараша күні «Jas Otan» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының ХХІ есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға 38 делегат қатысты. Олардың 20 - оффлайн, ал қалған 18 - онлайн.
Конференция Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.М. Бекмағамбетовтың және мемлекеттік қызметшілердің, студенттік қозғалыстар көшбасшыларының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Jas Otan» спортшылары мен белсенділерінің қатысуымен өтті.
Конференция қорытындысы бойынша «Jas Otan» ЖҚ V кезекті съездіне делегаттар сайланды. Сондай-ақ партияның бағдарламалық құжаттарын іске асыруға қатысқан белсенді жастар марапатталды .
Алғыс хатпен ЖІК белсендісі және АҚЖКК қарауындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы – Исмагулова Маржан марапатталды.
Құттықтаймыз!