АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 02 Қазан 2020 09:24

Колледж білімалушыларының құзыреттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Қоғамның сұранысын қанағаттандыру мұғалімнен жоғары мәдени адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділік пен өзін-өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді. Осыған байланысты педагог тұлғасын үнемі шыңдап отыру қажет. Міне, біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі міндеті осыдан туындайды: ол маманның кәсіби құзіреттілігін тұлғалық қасиеттерімен үйлесімді дамыту болып табылады. Еркін әрі белсенді ойлауға, оқу тәрбие үрдісін моделдеуге, жаңа идеяларды өзі туындатып, іске асыруға қабілетті педагогтың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін көтеру мәселесі - қазіргі біздің басты мақсатымыз болып табылады. Біріншіден, кәсіби құзіретті педагог оқу-тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ете алады, екіншіден, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, үшіншіден, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алады.Осы тұрғыда жаңа оқу жылының басынан колледж ішінде түрлі педагогикалық іскерлікті талап ететін  жұмыстар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, жаңа оқу жылына жоспарланған «WorldSkills» чемпионатына дайындық барысында білімалушылар педагогикалық іскерліктерді игеруде. Чемпионатқа дайындық үстінде 5 модульден тұратын тапсырмалармен  жұмыс жасаудамыз. Әр тапсырма түрлі бағыттарда берілген. Соның ішінде ұстаздық өмірде қажетті: электронды портфолио құру, сабақ фрагментін құрастыру, патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыттағы сыныптан тыс іс-шара презентациясын жасау, педагогикалық жағдаятты шешу, 5 минутта үйретемін сияқты тапсырмалары берілген. Аталған тапсырмаларға дайындық арнайы құрылған кесте бойынша өткізіліп жатыр. Педагог ретінде қорыта айтатын болсам, чемпионатқа дайындық барысында білімалушылар: ойын анық нақты жеткізе білу, дәлелдеу, талдау, өз ойын айта білу, өзара қарым-қатынас орната білу, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау сияқты құзыреттіліктер мен дағдыларды меңгеруде. Алдағы уақытта педагогикалық іскерлікті талап ететін сайыстарға жиі қатысу жоспарымызда бар.

Амиртай С.

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp