Биылғы қашықтықтан оқыту форматында басталған оқу жылы Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесімен тұстас келгені белгі. Бұл айтулы мерекеге орай, оқу орнында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай кезекті іс-шараның бірі - «Сүйемін туған тілді – анам тілін» тақырыбында өткізілген челленджі.
Желдей жарысқан ақпараттар ағымында тіл қасиетін ұлықтап, белсенділік танытып, көпке үлгі бола білген барша білім алушыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Г.Е.Ибраева, С.С.Усина.