11.03.2020 ж. «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша оқитын ТЖ-11А тобында қазақ әдебиеті пәнінен «Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта студенттер Ыбырай Алтынсарин туралы білімдерін ортаға сала отырып, өлеңдерін мәнерлеп оқып, әңгімелерінің мағынасын ашып, қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Сабақта СТО технологиясының элементтері (автор орындығы, топтастыру , рефлексия, бағалау кестесі) қолданылды. Сабақта студенттер өздерінің білімдерін көрсете білді.
Абильтаева С.Б.