АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 19 Сәуір 2016 03:56

«Бозбала мен бойжеткен» кеші

«Бозбала мен бойжеткен» кеші

     Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.

    Махаббат — дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті. Бүгінде қос ғашықтың құрметіне орай, арнайы күн белгіленген. Мереке 1999 жылдан бері атап өтіліп келе жатса да, күшіне енді ғана еніп, жастарды қызықтырып, бір ойдың, бір идеяның астында жинап отыр. Олай болса, бұл мереке ғашықтардың тағатсыздана күтетін мерекесіне айналып, 15 сәуір — Ғашықтар күні болып аталып кетті.

     Осы айтулы мерекеге орай 2016 жылы 15 сәуір күні біздің көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінде де үлкен іс-шара өтті.

    Бұл мерекелік кешті ұйымдастыруға ерекше үлес қосқандар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Зайнулкабиденқызы мен оқытушылар Арай Жумкеевна және Жадыра Омышевнаны атап өтуге болады.

    Бұл кештің тақырыбы «Бозбала мен бойжеткен» деп аталынып, оған 5-жұп қатыстырылды. Олар: 1 жұп  «Екі лебіз» (Абылай мен Айгерім), 2 жұп «Мөлдір сезім» (Жылқыбай мен Анель), 3 жұп «Достық қиял» (Абылайхан мен Диляра), 4 жұп «Қос жұлдыз» (Мейіржан мен Жансұлу), 5 жұп «Пәк көңіл» (Бакытберген мен Гулназ).

Жұптар алты бөлімнен тұратын сайысқа қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ:

  1 бөлім: Таныстыру

  2 бөлім: Білер болсаң-тауып көр!

  3 бөлім: О махаббат, махаббат (көрініс)

  4 бөлім: Өнерің болса, қанекей!

  5 бөлім: Саған сенемін.

    Бірінші бөлімде әр жұп танысу туралы шағын көрініс көрсетті. Екінші бөлімде жұптарға ғашықтық, махаббат тақырыбында сұрақтар қойылды. Үшінші бөлімде жұптар  ғашықтық сезімі туралы шағын көріністер көрсетті. Төртінші бөлімде бойжеткендер 3 минутта бозбалаларға галстук тағып үлгеруі қажет болса, бесінші бөлімде бозбалалардан бойжеткендердің құлағындағы сырғаны дәл тауып, тағуы талап етілді.

    Әр жұптың әділ бағасын беру үшін, әділқазы алқасы сайланды. Олар сайыс соңында жұптардың қорытынды бағасын есептеп, мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекелік шара ақын Мұқағали Мақатаевтың махаббатқа арналған жыр – әндерімен басталып, махаббат тақырыбындағы өлеңдермен жалғасты.

    Кеш барысында жүрек тербетер әсем ән сыйлаған студенттер Гүлдана, Қасым, Жекежандарды ерекше атап өтуге болады.

    Кеш өте тартымды да, әсерлі, көңілді өтті.

    Олай болса, баршаңызды   15 сәуір - Ғашықтар күнімен құттықтай отырып, сүйіңіз, сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз деген тілек айтамыз! Мереке құтты болсын!