АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 19 Сәуір 2016 03:16

Қауіпсіз Интернет

Қауіпсіз Интернет

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастауымен 2016 жылдың 11-22 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты ақпараттық науқан өтеді.

    Осы Кампанияның аясында Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде іс-шаралар жоспары жасалды (кураторлық сағаттар, кездесулер, конкурстар, сауалдамалау). Колледжінің IT бөлімі “Астел” компаниясының А.А.Островский жүйе администаторымен кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында тәжірибелі программист Интернетте қауіпті сайттар туралы айтып берді. Компанияның өкілі презентацияны көрсетіп «Қауіпсіз Интернет» туралы қызықты және өте маңызды мәлімет беріп айтты. Жүйе администаторы балаларға Интернет жүйесінде жұмыс ережелері туралы ұсыныстар жасады. Студенттер өз жағынан маманға сұрақтарын қойып толық жауаптарын алды.

    Ақпараттық қауіпсіздік білім және ақпараттық мәдениет қазіргі заманғы оқу орнының жұмысының басым болуы тиіс. Біздің қоғамда балалар қауіпсіздігі саласындағы бұқаралық ақпараттық науқандардың қажеттілігі бар.

    Альжанова Д.Х.