Ағымдағы жылдың 17 ақпанында Азаматтық қорғау кафедрасында ЧС-22Г тобының кураторы Ж. С. Мукушев "Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Ашық кураторлық сағаттың мақсаты әлеуметтік желілерде жұмыс істеу кезінде барлық оң және теріс жақтарын анықтау; оқушылардың топта жұмысты ұйымдастыра білуін қалыптастыру; ақпаратпен жұмыс істей білу және басқаларды тыңдай білу болып табылады.
Адамның әлеуметтенуі тәрбиелеу процесінде және ортаның елеулі ықпалында болады. Заманауи адамның ортасы, тәрбие берілетін жерде айтарлықтай өзгерді. Қазір интернет ең күшті әсер етеді. Қазіргі уақытта интернет және әлеуметтік желілер өскелең ұрпаққа қатты әсерін тигізеді. Кейбіреулер бұл тек пайда әкеледі деп санайды, кейбірулер - бұл зиян деп біледі.