2020 жылдың 10 ақпанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі аясында 1-2 курс білімалушылары кураторлық сағаттарда «Махаббат – өмір негізі», «Бұл әлем қандай керемет» тақырыптарында эссе жазды.
Мақсаты: білімалушылардың Махаббат, Бейбітшілік, Өмір, Отан сияқты сөздерді ұғынуына жағдай жасау.
Махаббат туған-туысқандарына жәрдемдесуде, табиғатты, Отанды қорғауда, туған-туысқандары мен жақындарына қамқорлық жасауда байқалады. Кураторлық сағат білімалушыларда адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге жағдай жасайтын танымдық, тәрбиелік мәні бар. Және білімалушыларда адамгершілік қасиеттерді, туған-туысқандары мен жақындарына мейірімді, ұқыпты қарым-қатынастарды тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Бейсембаева С.А., Бейсенбаева Г.А.