2020 жылдың 5 ақпан күні ТЖ-21В,ТЖ-31Б топтарының кураторы Омиралина М.Қ. Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Қадір таңы» атты психологиялық драмасын тамашалап қайтты. Туындыда сан-түрлі тағдырлар тоғысқан. Спектакльде бүгінгі қоғамды алаңдатқан жалғыз басты аналар мен жас қыздардың тағдыры баяндалды. Қадір таңында орындалған тілектің куәгері болдық.
Омиралина М.К.