05.02.2020 жылы «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» декадасы аясында педагог-психолог ФС-12с және НО-12с топтарымен «Мейірімділік сенің жүрегінде» тақырыбында тренинг өткізді. Аталған тренингтің мақсаты: білімалушылардың мейірімділік, оның адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту. Балаларды жақсы әрекеттерге ынталандыру. Айналасындағыларға қайырымды, мейірімді, жанашыр болуға тәрбиелеу.
Аталған тренингте барлық студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, қызығушылықпен назар аударды.
Педагог-психолог: Бекбаева Ж.К.