Зияткерлік ойындар білімалушылардың қарым – қатынас және таным үдерісіне тартылуына, білімалушылардың зияткерлік дамуына-тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі ықпал етеді. Бүгін Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Азаматтық қорғаныс» кафедрасында колледждің 15 жылдығына арналған «Ақыл-ой ойындары» атты зияткерлік батлы өтті.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі білімалушылардың бос уақытын ұйымдастыру, өрт шыққан жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйрету, студенттерде шекті сақтықты қалыптастыру, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдерін бекіту, таным, ақыл-ой қызметін жандандыру, дербес болуды, өз мүмкіндіктерін бағалай білу мен өзін-өзі тануға үнемі ұмтылу болып табылады.
Дайындаған жастар қозғалысының үйлестірушісі, №2 корпус Ергалиева Г.М.