АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 11:00

1 сәуір - «Күлкі күні»

   1 сәуір - «Күлкі күні»

     Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде «Күлкі күніне» арналған іс-шара өтті. Бұл іс-шараға жауапты оқытушылар Н.Г. Моисеенко, А.Т. Наурызбай,  Г.А. Бейсенбаева болды. Бұл мерекелік, шаттық күні зеректілікке және әзілге арналған қызықты викторина өтті. Бұл мереке әзіл-сықақ, күлкі және шатыққа толы болды.  Мерекелік кешке қонақ болып құттықтауға ресейлік әнші Вера Сердючка кейпінде ЧС-12 тобының оқушысы келді. ҚТ-11 тобы оқушыларының орындауында әсерлі де көңілді флеш-моб көрермендер көңілінен шықты. ТЖ-11 А, ОҚ-11 А тобы студенттері сахнада жақсы өнер көрсете білді. НОО-22, НОО-12 тобының студенттері күнделікті өмірден қызықты көріністерді көрсетті. ЧС-12 тобының оқушысы Жүзен Дарина « It is а beautiful day » атты  әсем әнімен кешті аяқтады. Бұл кештен көрермендер мен қатысушылар көтеріңкі көңілмен шықты.