АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 10:39

«Ғарышкерлер күніне» арналған ашық кураторлық сағат

    «Ғарышкерлер күніне» арналған ашық кураторлық сағат

     12 сәуір күні колледждің ЧС-22,ЧС-32с топтарында «Ғарышкерлер күніне» арналған ашық кураторлық сағат өтті.  Кураторлық сабақтың мақсаты  білім алушыларды «Ғарышкерлер күні» мерекесімен таныстыру, сонымен қатар  зейіндерін қалыптастыру, ғарыштық кеңістікті игеру туралы қызығушылықтарын кеңейту болды.

     Колледждің кітапханашысы Э.Н. Досымова кітаптар көрмесін  ұйымдастырды. Білім алушылар ғарыштың негізін қалаушылар Ю.Гагарин, дүниежүзіндегі ең алғашқы ғарышкер әйел В.Терешкова, ашық ғарышқа шыққан А.Леонов жайлы презентациялар арқылы әңгімеледі.        

     Ғарыштың  негізін қалаушы Қазақстандық ғарышкерлер: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев  жайлы хабарламалар дайындалды. М.О. Мухтаровтың тамаша өлеңдері, О. Сүлейменовтың      Ю. Гагариннің алғаш   ғарышқа ұшуына арналған  «Почему люди тянутся к звездам?» атты поэмасынан үзінділер оқылды. Білім алушылар «Қазақстандық ғарышкерліктің тарихы» атты викторина, «Бәрі ғарыш жайлы» атты сөзжұмбақтар шешті. Аталған кураторлық сағатта Адам, Жер, Жер шарын меңгеруіде ғарышкерлік ғылымға қажетті құрал екендігі жайлы  мағлұмат берілді.

     «Ғарышкерлер күніне» арналған плакаттар сайысы өтті.

Данилова Н.В.