АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 24 Желтоксан 2019 07:46

2020-2021 оқу жылында көптілділік білім беруді енгізу

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 23.12.2019 ж. директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова Умут Каиргельдиновнаның басшылығымен және жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары қатысуымен "Көптілділік – болашаққа нық қадам" атты семинар өтті. Семинарға қатысушылар көптілділік білім беруді Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде енгізу және жүзеге асыру мақсатымен және міндеттерімен таныстырылды.

Көптілділік – көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың негізі. Көптілді білім берудің алғаш рет айтылуы 2006 ж. Қазақстан халықтарының Ассемблеясында, 2007 ж. ақпан айында "Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан" атты Президенттің халыққа Жолдауында кезең-кезеңімен "Тілдердің Үштұғырлығы" мәдени жобасын, іске асыру ұсынылды және мемлекеттік деңгейде Қазақстан Республикасында 2007 ж. шілдеде қабылданған болатын.

Көптілді білім беру – бұл мақсатты түрде ұйымдастыратын, тәрбиелеу және дамыту негізінде жеке тұлғаның бір мезгілде бірнеше тілді меңгеруі ол CLIL әдістемесіне негізделген. CLIL - барлық немесе бірнеше пәндерді ағылшын тілінде (немесе басқа шет тілінде) үйрену. Семинарға қатысушыларға көптілділік білім беруді Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде енгізу және жүзеге асыру жоспарын талқылау және қарау ұсынылды, бірауыздан енгізу туралы шешім қабылданды, эксперименттік режимде 2020-2021 оқу жылында көптілді білім беруді Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде енгізуге шешім қабылданды, мамандық, оқыту тілі, тобы, курсы таңдалды. Сондай-ақ семинар қатысушыларына жоспарланған іс-шаралармен танысты және оларға CLIL әдістемесін оқып-үйрену ұсынылды.

Рамазанова У.К.

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp