Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
Осы қағиданы негізге ала отырып, 19 желтоқсан күні колледждің аға буын ұстаздары Кульмаганбетов Е.Е., Култанова Б.Н., Абильтаева С.Б., Мадеев Ж.Д. Касимова М.Д. жас мамандарға арнап, оқу қызметін құрылымдау (мақсат қою, оқу материалдарын таңдау принциптері, сабақ барысы, оқыту құралдары және т.б.)., сабақ барысындағы дидактикалық негіздер, пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасау тақырыптарында шеберлік-сынып өткізді. Жас мамандар тәжірибелі оқытушылардың да жұмысында қиындықтардың болатынын және одан қашудың қажеті жоқтығына көз жеткізді. Сонымен қатар өз сабақтарында қалай дұрыс мақсат қою керек, материалды қалай таңдау керектігі, сабақ барысын құрылымдау мен ОӘК құрастыру аясында қызу талқылады. Болашақта әлі де талай көмек сұрап жүгінетіндерін де білдірді.
Аскарова А.К.