АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Сәуір 2016 09:42

Ұлыс күнінің ғажайып думаны

     Күлімдеп шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойы көрікті Көкшетау қаласында кең ауқымда аталып өтті.

    Күн мен түн теңелген көктемнің жаймашуақ мерекесінде қаланың орталық алаңында «Көкше» Академиясы  мен Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің ақшаңқан қазақы киіз үйі тігілді. Ұлттық киім киген оқытушылардың көңілі көтеріңкі, жүздері шаттыққа толы болды. 

    Колледж оқытушыларының  ұйымдастыруымен наурыз көже, бауырсақ пісіріліп,  4 столға ұлттық тағамдар даярланып, жасалды. Тұрмысы нашар отбасы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жайылған дастарханнан дәм татқызып, наурыз көже ұсынылды. Арнайы жасалған дастарханға келген ардагер қонақтарымыз өз ризалықтарын білдіріп, дастарғанға баталарын беріп, наурыздан-наурызға аман жетейік деген ақ ниеттерін білдірді. Осылайша, барлық көпшілікті ақ ниет, ізгі пейіл, жылы сырласуға жетелеген Ұлыс күнінің ғажайып думаны өтті.

Нурсеитова Р.З.