АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 29 Наурыз 2016 11:22

«Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концерт

     Наурыз мейрамында біздің колледжімізде «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік концерт өткізілді.Бұл концертте арнайы шақырылған қонақтар «Көкше» Академиясының  ректоры  Қасым Шоқан Жанатұлы,  «Көкше» Академиясының әкімшілік және экономикалық қызмет проректоры Қасым  Жаннет  Жанатқызы тамашалады.

    Концертте  Наурыз  мерекесінің тарихи туралы өте мазмұнды презентация қойылып, ән-шашу орындалды. Наурыз мерекесі басқа мерекелерден айрықша мереке.Бұл мереке «Шашу» рәсімі арқылы ашылып,әрі қарай өрбіді.

    Бұл күні күн мен түн теңістіріліп,бар әлемді Қыдыр ата аралайды,-деген аңыз бар. Қыдыр ата жүрегі ақ,адал,өз елін, халқың сүйетін адамдарды  ғана көріп, ақ батасын береді. Бұл күні қадірлі әжелер Наурызкөже дайындап, бүкіл  халыққа дәм татқызады.

    Шашу рәсімін әжелер қауымы орындап,халық әні «Дудараймен» жалғастырады.

    Қазақтың әр мерекесі, той-думаны ұлттық  ойынсыз өтпеген. Келесі кезең ұлттық ойынмен жалғасты.Оқушылар «Асық» ойынын ойнап, көрермендерді таныстырды.

Мереке бойы қазақтың  ұлттық салт-дәстүрлері, ойындары көрсетіліп, ән-шашу, би орындалып, көрермендер жақсы көңіл-күй  құшағының  болды.

Бұл мерекенің  тәрбиелік, танымдық, мағнасы, оқушыларға   берер ұлағаты өте зор деуге  болады.

   Мерекені дайындап, өткізген Жаркина Меруерт Ашуқызы мен Омиралина  Майгуль Қуанышқызы.