27.11.19. «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша оқитын ТЖ-11А тобында орыс тілі пәнінен «Сказуемое. Способы его выражения» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта биылғы ақын-жазушылардың мерейтойлық жылдары аталып кетті: Абай Құнанбаевтың -170, Сәкен Сейфуллиннің-125 , Көкшетау қаласының 195 жылдығы. Студенттер Абай поэзиясының жастарға арналған өлең жолдарын еске түсіріп, мәнерлеп жатқа айтты. Сондай-ақ, Сәкен Сейфуллиннің көркем өлкемізді таңқаларлық етіп суреттеген «Көкшетау» поэмасынан үзінділер оқылды.
Сабақта оқытудың белсенді әдістері, слайдтар, үлестірмелі материалдар қолданылып, орыс тілі мен қазақ әдебиеті және «Төтенше жағдайларды қалпына келтіру жұмыстары» пәндерінің арасындағы пәнаралық бойынша байланыс қарастырылған. Профилизация мақсатында Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстар мен Мәскеу облысына ресейлік әуе кемесінің шұғыл қонуы туралы бейне материалдар көрсетіліп, сабақпен байланыстырылды.
Сабақта адамның адамгершілік құндылықтары туралы сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Култанова Б.Н.