АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 29 Наурыз 2016 09:19

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» он күндігі

«Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» он күндігі

 

2 ақпан 2016 жылы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде «Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» он күндігі басталды. Он күндіктің ашылуына орай 1-курс білім алушылары арасында салтанатты сап түзеу өткізілді.

Сол күні «Өзін- өзі тану» адамгершілік- рухани білім берудің бағдарлама авторы – С.А.Назарбаеваға арналған «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Дизайн» мамандығы бойынша білім алушылар «Әлемдегі татулық пен достық» атты шығармашылық жұмыстар көрмесіне өз жұмыстарын ұсынды.

3 ақпан күні колледждің салтанатты залында 1-ші және 2- ші курс білім алушылары арасында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

9- ақпанда колледж ұжымы және білім алушылары «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясына қатысты. Жиналған ақшаға Көкшетау қаласында орналасқан кәмелетке толмаған балалар бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар алынды.

Колледждің волонтерлер тобы орталыққа барып, балалармен танысты. Колледж білім алушылары орталық тәрбиеленушілермен ән айтты, қызықты ойындар ойнады, ертегі қойды және балаларға естелікке сыйлықтарды тарту етті.

         10 ақпанда «Махаббат- ғажайып әлемі» атты орыс әдебиеттен сыныптан тыс іс- шарасы өтті.

         11 ақпанда  «Бастауыш білім беру» мамандығының 2- курс білім алушылары «Альтруизм жоқ» атты пікірсайысына қатысты. Пікірсайыс Карл Поппер форматымен өтті.

         12 ақпанда «Өнеге- отбасынан», «Утро добрых встреч» атты өзін- өзі танудан ашық сабақтар және «Ән- көңілдің ажары» атты әндер фестивалі жоспар бойынша өткізілді.