АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 25 Қараша 2019 03:34

«Этикет. Жақсы мінез-құлық ережесі. Тілдесу ережесі»

ДОВ-22 тобында «Этикет. Жақсы мінез-құлық ережесі. Тілдесу ережесі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Мақсаты: студенттердің этикет, жақсы мінез-құлық пен тілдесу ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Міндеті:

  • студенттерді жақсы мінез-құлыққа, ізгі ниеттілікке, курстастарымен өзара түсініктікке тәрбиелеуге жағдай жасау;
  • студенттерді этикет терминімен, оның ұғымдарымен және мағынасымен таныстыру;

Пікірталас уақытында кураторлық сағат өткізудегі ойын, викторина, бейнероликтерді карау және тренингтер сияқты әдістер қолданылды. Кураторлық сағаттың соңында адамгершілік нормалар адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың пайда болуының ұзақ уақытқа созылған үрдісінің нәтижесі болып табылады деген  тұжырым жасалды. Бұл нормаларды ұстанбай саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастар болуы мүмкін емес.

Кураторлық сағаттың мақсаттары мен міндеттері діттегеніне жетті, студенттердің ешқайсысы аталған тақырып бойынша немқұрайлы қалған жоқ. 

Бейсенбаева Г.А.