Артюхова Н.А., Ибраева Г.Е., Булатова М.А., Хаметова А.А., Перешивкин В.В. бұл аты аталған оқытушылар білім саласында ондаған жылдар бойы жұмыс жасап, еліміздің түрлі саласында қызмет атқарып жүрген талай құзыретті мамандарды оқытып шығарған өз ісінің тісқағарлары. Ағымдағы жылдың 21 қарашасында олар Жас педагог мектебі аясында жас мамандардың қызығушылығын тудырған «Оқу үдерісінде заманауи технологияларды пайдалану» атты практикум өткізді.
Практикум барысында жас оқытушыларға оқу үдерсінде түрлі деңгейдегі білімалушыларды қатыстырумен сабақты ұйымдастыру үшін сараланған тапсырмалар мен белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың мүмкіндіктері көрсетілді. Ал жас мамандар өз кезегінде оларға ұсынылған барлық тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындап, керектілерін жазып алып отырды.
Аскарова А.К.