22 қараша күні Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №20 «Zerek» балабақшасында АҚЖКК колледжінің студенттерінен құралған «Тәжірибелік педагогикалық шеберлік орталығы» қуыршақ театрының үлгілік өнер көрсетілімі өтті. «Адалдық мектебі» жобасы аясында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы – Шпекбаев Алик Жаткамбайұлымен кездесуде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және «Бастауыш білім беру» мамандық студенттерінің ертегілері мен аниматорлар тобының өнерлері көрсетілді. Куыршақ театрының көрсетілімінде Ақмола облысының әкімі – Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, аумақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы – Тюлеубаев Мурат Ахтанович және бірінші орынбасары Бердалин Арман Тлектесұлы, облыстық білім басқармасының басшысы – Жүнісов Талғат Тұрлыбекұлы болды.
Балабақша бүлдіршіндері өте риза болып, тағы да қонаққа шақырды.
Корнева О.С.