18.11.2019ж ДОВ-12 тобында математика пәнінен «Қарапайым және оларға келтірілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты:
- тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, формулаларды және теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін дұрыс қолдана білуге қалыптастыру;
-білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;
-оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбы өте қызық және маңызды болып табылады. Сондықтан осы тақырыпты оқушыларға жете түсіндіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаландым. Сабақ бойы білім алушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық ойын “Есімді тап”, “Логикалық есептер” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Пән оқытушы: Алпысбаева Р.К.