Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде №2 ғимаратының 2 курстарымен жоспарланған ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 2 курс студенттерінің ата-аналары және «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының оқытушылар ұжымы қатысты. «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының меңгерушісі Кадыров Рамазан Татжанович ата-аналарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Жиналыстың 2 бөлімінде психолог Ергалиева Галия Манасовна «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бағдарламасы бойынша» дәріс өткізді.
Дайындаған жастар қозғалысының үйлестірушісі, психолог Г.Ергалива