ДОВ-22 тобында «Жыныстық тәрбие-ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Мақсаты: жасөспірімдердің салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттер: Студенттерді ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелерімен таныстыру.
- Жасөспірімдік жаста туындайтын мәселелік жағдайларды өздігінен талдау икемділігін қалыптастыру
- Ерте жүктіліктің себептерін анықтау және талқылау
- Ерте жыныстық қатынас пен жүктіліктің алдын алу
Кураторлық сағатта күтілетін нәтиже: әр жасөспірімде өнегелі отбасы мінсіздігі, оның құндылығы және адам үшін қажеттілігі, өмірлік берекенің, денсаулықтың сақталуы, өмірлік қиындықтарды жеңілдету, жеңу негізі ретіндегі түсінігі ұйымдастырылған болуы қажет. Балалар және жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің санының өсуін жеңу. Отбасын нығайту, салауатты өмір салтын ұстанатын отбасыларды көбейту.
Бейсенбаева Г.А.