05.11.2019 жылы ЖІЖК-нің төрайымы мен АҚЖКК-нің белсенділері «Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «STUDUNION – KOKSHETAU» форумына қатысты.
Өзектілігі: Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен , Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаевтың жарияланған «Жастар жылы» жобасы аясында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранты негізінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдар жүйесін дамыту» әлеуметтік жобасы Қазақстанның барлық аймақтарында жүзеге асырылуда.
Кеңес жастар қоғамдық бірлестіктерінің жетекшілерінің, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымдары мен олардың белсенділерінің жиналысы түрінде өтті.
Мақсаты: Еліміздің оқу орындарындағы жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту және жүйелеу.
Міндеттері:
Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесінің мәселелерін талдау;
Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесіне қатысты ұсыныстар енгізу;
Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесінің жұмыс тобын құру;
Жастардың өзін-өзі басқару органдарының бағдарламасы аясында Республикалық студенттер кеңесін құру.
Наенко А.Б.