ДОВ-22 тобында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Мақсаты: білімалушылардың өз денсаулығына деген құндылық қатынастарын қалыптастыру.
Міндеттер: денсаулыққа деген өзіндік көзқарас рефлексиясын жасау және мәселелерді анықтау;
- Білімалушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту; денсаулыққа деген оң көзқарасты аса зор құндылық ретінде қалыптастыруда қолайлы жағдай жасау;
- Өмірлік ұстанымдарын денсаулыққа деген құндылықты қатынастар тұрғысынан модельдеу.
Білімалушылар «Салауатты өмір салты» сызбасын құрастырды:
1.Пайдалы тағамдар;
2.Күн тәртібі;
3.Белсенді іс-әрекет және белсенді тынығу;
4.Зиянды әдеттердің жоқтығы;
Осыған байланысты таңғы жаттығу, дұрыс тамақтану, қалыпты ұйқы тәртібі, зиянды әдеттерден арылу – бұлардың барлығы ұзақ және дені-сау жастық шақтың кепілі деген тұжырымға тоқталды!
Бейсенбаева Г.А.