2016 жылы 4 наурызында колледжде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған "Ана деген тіршіліктің тірегі" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Аталған мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Осы кешке Көкше Академиясының әкімшілік және экономикалық қызмет ректоры Касымова Жаннет Жанатқызы мен Көкше Академиясының проректоры Кривошеев Валерий Павлович шақырылды.
Концерттік бағдарлама ТЖ-21(А,Б,С) тобының қыздарымен мерекелік шашу ретінде қазақ бимен ашылды. Концертте Әкімшілік тарапынан құттықтау сөздері айтылып, көктемнің мерекесіне орай раушан гүлдер сыйланды. ТЖ-21С тобымен ұйымдастырылған «Ана – ұлы есім» атты әдеби монтаж көрермендердің көңілдерінен шықты.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде, бишілер билеп кетті тербетіле, аққудай қалықтаған теңіздегі, бишілер өнерлерін көрсетуде дегендей ТЖ-21А, ТЖ-21Б топтарымен ұйымдастырылған «Көктемгі вальсі» елеулі орын алды. Білім алушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән шашуларын ұстаз аналарға арнады. Атап айтсақ, Маман Бауыржанның «Ана туралы» термесі тамаша болды, «Ана туралы жыр», «Менің анам -алтын», «Асыл әже», «Бағалым» «Мама» атты әндер шырқалды.
(Іс шарадан фотосуреттерді галереяда қараңыз)
Осы іс шараға қатысқан қатысушыларға алғысымыз шексіз.
Ұйымдастырушылар: Касимова М.Д., УсинаС.С., Есмагамбетова Г.К.