2019 жылдың 2 қарашасында АҚЖКК-нде 1 курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс болып өтті. Колледж директоры Тюлебаев А.Ж. ата-аналарды колледж туралы ақпаратпен таныстырып, материалдық-техникалық базасы, дәстүрлі іс-шаралары, оқу үрдісінің кейбір сәттерінен презентация көрсету арқылы хабардар етті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Козганова У.К. аралық аттестация нәтижелерін жариялап, ата-аналарға білімалушының үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалау маңыздылығын түсіндірді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. құқық бұзушылықтың алдын алу, СӨС, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу сияқты тақырыптарға тоқталып, тәрбие жұмысы туралы және ата-аналар мен кураторлардың бірлескен жұмыстары қажет екендігін айтты.
Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Альжанова Д.Х. колледждің оқу процесіне «Платонус» ААЖ-нің енгізілуін хабарлап, сонымен қатар ата-аналар мен студенттерге арналған функционалын , «Платонус» жүйесіндегі қорытынды бағалардың қалыптасу әдістемесін көрсетті.
Жиналыс диалог форматында өтті, ата-аналар белсенді сұрақтар қойып, колледж басшылығынан толық жауаптар алды.