АҚЖКК оқу - әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы оқу үрдісін ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселе - «Өрт қауіпсіздігі» мен «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандықтары бойынша болашақ құтқарушыларды дайындау барысындағы жалпы білім беретін пәндерді профильдеуге арналды.
Колледждің мамандандырылған оқу орталығының жетекшісі Румянцев Ю.В. аталған мәселе бойынша баяндама жасап, жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының кәсіптік бағытының пәндерімен және модульдерімен логикалық байланысы ретінде профильдеудің рөлін атап өтті.
АҚЖКК педагогикалық ұжымының алдына қойылатын негізгі міндеттер белгіленді: болашақ мамандарды колледжге келген алғашқы күннен бастап, барлық оқытылатын пәндердің көмегімен қалыптастыру (математика, физика, химия, информатика, философия, өрт тактикасы, объектілердің өрт қауіпсіздігі және т.б.).
Аскарова А.К.