2019 жылдың 28 қазанында АҚЖКК-нің екінші ғимаратында «Пайдалы тағам – студенттердің жастық шағының кепілі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.
«Адам денсаулығы - бұл аурулар мен физикалық кемшіліктердің болмауы ғана емес, толыққанды физикалық, рухани және әлеуметтік салауаттылықтың болуы» деген сөздермен ашық кураторлық сағат басталды. Кездесуде студенттер күнделікті өмірлеріне әсер ететін факторларды қарастырды. Осыған орай таңғы жаттығу, дұрыс тамақтану, қалыпты ұйқы тәртібі, зиянды әдеттерден арылу - ұзақ жастық шақтың кепілі деген тұжырымға тоқталды!
Дайындаған: Балгожин Д.Е.