28.10.2019ж. куратор Анафина А.К. ЧС 22Б тобы білім алушыларының қатысуымен «Салауатты өмір сүру» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Аталған іс-шараны өткізудегі мақсаты – білім алушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттерден бас тартуды қалыптастыру. Кураторлық сағат дөңгелек үстел түрінде өтті. Таңдалған тақырыптың өзектілігі денсаулық сақтау - адамның өмірлік маңызды құндылықтарының бірі, оның әл-ауқаты мен ұзақ өмір сүруінің кепілі. Кураторлық сағатта білім алушылар: дұрыс тамақтанатын жастар; спортпен және белсенді өмір салтымен айналысатын жастар; жастар темекі шегуге қарсы; жастар алкоголизмге қарсы; жастар қарсы есірткіге сияқты тақырыптарды талқылады.
Азаматтық қорғаныс кафедрасы