28.10.2019ж -ДТ-31,21С, ПБ-12 А,Б кураторлар Сарсенбаева Р.А., Данилова Н.В. «Алкоголь және оның адам денсаулығына әсері» тақырыбында жастар денсаулық орталығының өкілдерімен психолог Э. С.Приходько және салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігер А.М. Курмашева студенттермен дәріс өткізілді.
Іс-шараға 52 білім алушылар қатысты.
Сұхбаттың мақсаты:
1. Алкогольді тұтыну проблемаларына студенттердің назарын аудару.
2. Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын таңдауда жауапкершілікті сезінуге, алкогольді тұтынуға әкелетін жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу.
Міндеттері:
алкогольдің адам ағзасына әсері туралы объективті ақпарат беру; дұрыс өмір жолын, салауатты өмір салтын таңдауға көңіл бөлу; сыра ішуден бас тарту, жанжал жағдайынан шығудың жолын білу: «ЖОҚ »айтуды біл
Жастар денсаулық орталығының өкілдерімен әңгіме презентация мен бейнефильммен аяқталды, сонымен қатар «сыра туралы не білеміз?» сұрақ жүргізілді.
Нәтижесінде соңғы әсерлермен алмасу болды. Студенттер келесі кездесулерге қызығушылық тудыратын тақырыптарды таңдауға кеңес берілді.
Данилова Н.В. Сарсенбаева Р.А.