2019 жылдың 24 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «жас мамандар мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес «Жұмысты ұйымдастыру және инновациялық технологияларды пайдаланып, заманауи сабақ өткізу» тақырыбына семинар – тренинг ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: топтық жұмысты пайдаланумен сабақ беру тиімділігі үшін практикалық дағдыларды жетілдіру. Семинар - тренингті жоғары және бірінші санатты математика және информатика пәндерінің оқытушылары Рахметова Р.З, Нурсеитова Р.З, Сатиева С.М, Алпысбаева Р.К өткізді.
Семинар оқытушыларды біріктіру мақсатында «Жақындастыру тізбегі» тренингімен басталды. Сатиева С.М “Организация работы и проведения современных уроков с использованием инновационных технологий» тақырыбы бойынша қысқаша мағлұмат сұрақ-жауап арқылы ұсынылды. Рахметова Р.З «Топтық жұмыс» әдісін өз тәжірибесінде қалай қолданатындығы туралы презентация және бейне фильм арқылы түсіндіріп өтті, ал Алпысбаева Р.К «Дидактикалық материалдарды қалай қолдану керек» тақырыбында әр түрлі есеп шығару әдістері бойынша жас мамандармен ойын түрінде тартымды өткізді. Семинар қортындысын Нурсеитова Р.З рефлексия мысалдарының жинағына тоқталып өтті. Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігімен педагогикалық құзіреттілігінің негізгі компонеттерінің бірі болып саналатындығын жас мамандарға жетік түсіндіп өтті.
Семинар-тренинг соңында қорытындыны оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Аскарова А.Қ жасады.
Семинарға қатысқан жас маман оқытушылар өз ойларын айтты. Семинар – тренинг өте қызықты және көңілді өтті.
Авторы: Рахметова Р.З, Нурсеитова Р.З