АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 25 Қазан 2019 05:08

Сабақтың дидактикалық негізі

2019 жылдың 24 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагогтар мектебі аясында семинар-тренинг өткізілді. Аталған іс-шарада бірінші және жоғары санатты оқытушылар Рахметова Р.З., Нурсеитова Р.З., Алпысбаева Р.К., Сатиева С.М., Омиралина М.К., Михайлова С.Н. «Жұмысты ұйымдастыру және инновациялық технологияларды пайдаланып, заманауи сабақ өткізу» атты Шеберлік-сынып өткізді.

Мақсаты:

-Жас оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында педагогикалық тәжірибмен бөлісу.

Міндеттері:

-Жас мамандарды білімалушылардың белгілі бір оқу тақырыбының аясында өз білімдерін қалыптастырудағы шығармашылық қызметтерін жүзеге асыруды көздейтін оқу үрдісін ұйымдастырудың бір түрімен таныстыру (конференция- сабақ, ойын-сабақ);

-Жалпы жұмыс алгоритмімен таныстыру;

-Түрлі кезеңдерде нақты мысалдар келтіріп көрсету;

-Шеберлік-сынып көрсеткен оқытушылар мен жас мамандар арасында сабақтастықты қалыптастырып, байланыс көпірін орнату.

Әдістемелік кабинет

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp