АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 25 Қазан 2019 04:54

«Саналы ұрпақ» патриоттық жобасын жүзеге асыру

2019 жылдың 23 қазанында Көкшетау қалалық полиция бөлімінің негізінде студенттерді «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жедел жастар жасағына қабылдау басталды. Жастар ортасында патриоттық жобаларды, құқық қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алуды жүзеге асыру колледждің басым бағыттарының бірі болып табылады. Жедел жастар жасағының мақсаты:

  • қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
  • жастар арасында есірткінің таралуына қарсы тұру және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • полиция қызметкерлерімен бірлесіп, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тыныштық жағдайын жасау.

ЖЖЖ-ның  қойған тапсырмаларын сәтті орындау үшін арнайы тәжірибелік сабақтардан өтеді, күзет қызметін атқару дағдыларын игереді. Сонымен қатар, олардың құқықтану және құқық қорғау органдарының жұмысын ұйымдастыру саласындағы білімдерін үнемі жетілдіруге мүмкіндіктері бар.

Тәртіп сақтау, азаматшаларды заңсыз қол сұғушылықтардан қорғау -  АҚЖКК-дегі әр студенттің қоғамдық міндеті.

Дайындаған  Жастар қозғалысының үйлестірушісі, Психолог Г.Ергалиева

 

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp