АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 18 Қазан 2019 10:37

Құтқарушы – таңдаулы мамандық

18.10.2019 жылы азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі - Құтқарушы күніне және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің 15 жылдығына арналған Азаматтық қорғаныс жоғарғы көпсалалы колледжі аумағындағы оқу-жаттығу кешенінде  «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс студенттері арасында «Көп сатылы құтқару» тақырыбында жарыстар өткізілді.

Жарыстың салтанатты ашылуында азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі, азаматтық қорғаныс полковнигі Р.Т. Кадыров сөз сөйлеп, жарыс қатысушыларына сәттілік, мықты командалық рух, спорттық жетістіктер тіледі.

Жарыс төрт кезеңге бөлініп өткізілді:

Бірінші кезең - Бөлімше құрамында әскери киім мен жабдықтарды кию

Екінші кезең - Зардап шегушіге екі күрмеулі құтқару арқанын байлау

Үшінші кезең - Оқу-жаттығу мұнарасының екінші қабатының терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу

Төртінші кезең – «Құтқарушылар эстафетасы»

Жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орынды  ТЖ-31А оқу тобының командасы иеленді.

2 орынды  ТЖ-31Б оқу тобының командасы иеленді.

3 орынды  ПБ-32А оқу тобының командасы иеленді.
Жарысты  дайындау  мен өткізуге арнайы пәндер кафедрасының барлық оқытушылар  құрамы  атсалысты.

Азаматтық қорғаныс кафедрасы