Ағымдағы жылдың 10 қазанында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 ғимаратының аумағында 3 курс студенттерінің қатысуымен кезекті интелектуалдық квест-ойыны өтті.
Іс-шараның мақсаты студенттердің өрт қауіпсіздігі жөніндегі білімін ойын арқылы бекіту. Квесттің міндеті өрт қауіпсіздігі ережесі туралы білімдерін нығайту, ұжымшылдық және өзара көмек көрсету сана-сезімдерін дамыту. Колледж директоры А. Тюлебаев, азаматтық қорғаныс кафедрасының меңгерушісі Р. Қадыров ойының қадағалаушылары ретінде қатысты. Студенттерге арналған тапсырмалар түрлі сипаттарда болды, олар балаларға арналған жұмбақтардан бастап, қолда бар құралдарды қолдану арқылы зардап шеккендерге зембіл жасау, әскери киімді кию сияқты тапсырмалармен күрделенді.
Нағыз құтқарушылар әрдайым сақ болулары керек.
Дайындаған Жастар қозғалысының үйлестірушісі, психолог Г.Ергалиева