2008 жылы ҚР-дағы кәсіби мерекелер қатарына Құтқарушылар күні қосылды. Осы жылдан бастап өртке қарсы, судан құтқару және азаматтық қорғаныс қызметкерлері бірыңғай кәсіби мерекені атап өтеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесінде 1995 жылдың 19 қазанында Төтенше жағдайларды жою мен алдын алу қызметі пайда болды. 1995 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттін құрылуымен 19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі болып есептеледі.
«Ақмола облысы ҚР ІІМ ТЖК ӨС және АҚЖ жедел құтқару жасағы (Көкшетау қаласы)» ММ-нде «Мен өз таңдауымды жасадым» кураторлық сағатын ПБ 32Б, ПБ 22А, ЧС 22А, ЧС 22С кураторлары Михайлов С.Ю. және Михайлова С.Н. осы сөздерімен бастады.
Жедел-құтқару жасағының кезекшілері өз бөлімшесінде экскурсия жүргізді. Олар құтқару тобының функционалды міндеттері туралы айтып, жабдықтар мен апаттық-құтқару құралдарын, техникаларын, сүңгуір жабдықтары мен берілістерін көрсетті. Сонымен қатар бөлімдегі кинологиялық қызметтің жұмысымен таныстырды. Іс-шараның сонында жасақ қызметкерлері балаларды колледжді аяқтағаннан кейін, ҚББ қызметіне түсуге шақырды.