Ағымдағы жылдың 7 қазанында АҚЖКК-нің екінші ғимаратында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының дінтану маманы Төлеген Анель Алматқызымен кездесу өтті. Оның «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстарының қауіптілігі» тақырыбындағы баяндамасы, студенттер үшін өте қызықты болды. Өкінішке орай, Қазақстанда терроризм мен экстремизмді насихаттағаны үшін қылмыстық іс-қозғалатынын бәрі бірдей біле бермейді, мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы қылмыстық іс болып табылады. Анель Алматқызы мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған адамдардың әрекеттерін растайтын бейнематериалдарды көрсетті. Интернет қазіргі таңда таптырмайтын пайдалы құрал. Интернеттің артықшылықтары: жылдам ақпаратпен алмасу, кең мүмкіндіктер, әртүрлі онлайн курстар, қосымша табыстар, бос уақытты пайдалану. Алайда, артықшылық бар жерде, кемшіліктер де бар. Интернет ресурстарының қауіптілігі жалған ақпарат пен жасақтаушыларды бейқұрылымдық діни ағымдарға тартуда.
«Бейқұрылымдық діни ағымдағы жасақтаушыларға сіз адам емессіз, тек қана төленетін тауар екеніңізді ұмытпаңыз. Жаңа адаммен қарым-қатынас жасауда, шындық сезімін сақтаңыз. Сонымен бірге кез-келген нәрсені ұнатпастан және түсіндірместен бұрын ақпаратты тексеріңіз. Егер сіз дінге қызығатын болсаңыз, ресми дін басыларына жүгінгендігіңіз жөн» - деп Анель Алматқызы өзінің жақси ниеттерімен студенттермен кездесуін аяқтады.
Дайындаған Жастар қозғалысының үйлестірушісі, психолог Г.Ергалиева