«Өрт сөндіру мамандығы – әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі. Жылжымалы баспалдаққа өрмелеуге, газтұтқышпен пайдалануға, қалың түтінмен қозғалуға, жүгіруге, секіруге, ауыр салмақтарды көтеруге үйренуге болады... дегенменде ең қиыны – біреуді құтқару үшін әр сәтте өз өмірін қатерге тігуге дайын болуы керек» - бұл сөздерді 07.10.2019ж полковник Р. Кадыров студенттермен кездесуінде айтты. Азаматтық қорғаныс полковнигі Ж.Жармагамбетов және азаматтық қорғаныс полковнигі Р.Кадыровпен бірлесіп Көкшетау қаласының №2 АӨСБ студенттерінің 2019-2020 оқу жылына бару кестесі бекітілді.
«Өрт сөндіруші алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, құтқару құралдарын қолдана алуы, қауіпсіздік техникасын, биіктікте жұмыс істей білуі керек. Денсаулығы мықты, төзімділігі жоғары, бұлшықет күші болуы тиіс, себебі өрт сөндірушінің стандартты жабдықтары 20-30 кг салмақты құрайды, және онымен тез қозғалу, өрт кезінде шебер қолдана алу, жоғары қабаттарға жаяу өрмелеу керек (себебі, өрт кезінде жедел сатыны пайдалануға қатаң тиым салынады). Қауіп-қатер дабылы келген уақытта, кезекші қарауыл жауынгерлері арнайы киімдерін (жауынгерлік киімді) 20-25 секундта киіп үлгеріп, одан кейін бірден өрт сөндіру автокөлігіне отырып, жолға шығулары қажет, құрылғыға қауіп-қатер дабылы түскен сәттен бастап өрт қарауылдарының кету уақыты 40 секундтан аспауы тиіс. Көптеген адамдардың өмірі көбінесе көліктің шақыру орнына қаншалықты тез жететініне байланысты» - деп Азаматтық қорғаныс полковнигі Ж.Жармагамбетов кездесуді құттықтау сөзімен бастады.
Қарауыл бастығы өрт сөндіру бөлімінің арнайы техникалық жабдықтарын, техникалық-өрт сөндіру қаруландыруы мен құтқару жабдықтарын көрсетті. Студенттерге әскери көліктерге отыруға және өрт сөндіру жабдықтарын киюге рұқсат етілді.
Дайындаған Жастар қозғалысының үйлестірушісі, психолог Г.Ергалиева