Ағымдағы жылдың 2 қазанында АҚЖКК-нің екінші ғимаратында «Төтенше жағдайлардағы қорғаныс» пен «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері арасында «2 курс студенттеріне қабылдау » атты интеллектуалдық квест-ойыны өткізілді. Бұл белсенді адамдарға арналған қозғалысты, дамытпалы командалық ойын , оның барысында балалар өз мамандықтары бойынша білімдерін, топпен жұмыс істей білуін, зеректілігін, ептілігін және тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар, олар жаңа және қызықты деректермен танысты, өрт гидранты қайда немесе газ түтінінен қорғаныс дайындық орны қай жерде секілді жұмбақтарды шешті, логикалық тапсырмаларды орындады. Ойыннан кейін балалар позитивті, көпшіл бола бастайды. Олар өз мақсаттарын біле отырып құрдастарымен, ата-аналарымен, колледж оқытушыларымен тиімді қарым-қатынасты орната алады. Команданың бастан кешкен эмоционалды толқуы психологиялық тұрғыдан команда мүшелерін жақындастырады.
Подготовила Г. Ергалиева Координатор молодежного движения, психолог