01.10.2019 жылы АҚЖКК-нің екінші ғимаратында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында лекция өтті. Көкшетау қаласы ПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция қызметкері Балтабаев Азамат Галымович кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар, сонымен қатар қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы лекция оқыды. Видеопроектордың көмегімен тақырып бойынша бейне материалдар көрсетілді. Осы кездесуде, студенттер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар туралы белсенді сұрақтар қойып, оларға заңнамалық актілерге сілтемелер арқылы объективті жауаптар алды.
Дайындаған Жастар қозғалысының үйлестірушісі, Г.Ергалиева, Психолог