АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 01 Қазан 2019 10:38

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу

2019 жылдың 26-27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелері мен төтенше жағдайлардың алдын ала білу және жою» атты Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Жоғарыда аталған іс-шараға азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушылары Михайлов С.Ю., Михайлова С.Н., Акиньшин Н.А. және ЧС-32А, ЧС-32Б топтарында оқитын студенттер көрермендер ретінде қатысты.

Конференцияда, студенттер төтенше жағдайлардың алдын ала білу және жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті ғылыми мәселелері бойынша баяндамаларды тыңдады.

Колледж студенттеріне арналған қойылымда, өрттермен төтенше жағдайлар және өрттің алдын алу мәселелері, өрттерді анықтау мен сөндіруде  автоматтық қондырғыларды әзірлеу және қолдану, робототехниканың дамуы, өрт сөндіру және өрттен құтқару техникалары, сыни маңызды нысандарды апаттық жағдайда модельдеу, өрт қауіпсіздігін ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелері ерекше қызығушылықты тудырды.

Жалпы, конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті.

Азаматтық қорғаныс кафедрасы