АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 28 Қыркүйек 2019 06:58

«Ертегіден кейін ертегі...»

27 қыркүйек күні АҚЖКК-нің 15 жылдығына, практикаға бағытталған оқу және жастар жылына орайластырып, алғаш рет АҚЖКК-нде  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мен «Бастауыш білім беру» педагогикалық мамандықтарының студенттері арасында «Ертегіден кейін ертегі...» театрлық  фестиваль - конкурсы өтті.

Біздің фестивальге қатысқан құрметті қонақтар, әділқазылар алқасының мүшесі болды:

Ақмола облысының білім басқармасының тәрбие жұмысы мен қамқоршылық бөлімінің бас маманы – Ли Марина Борисовна, дарынды балалармен жұмыс жасау бойынша оқу-әдістемелік орталығының бұқаралық бөлімінің әдіскері – Қайыров Біржан Болатұлы, «Арай» балабақшасының кәсіподақ комитетінің төрағасы – Аттыгожина Асем Амангельдиновна, «Нұр Отан» партиясы жанындағы АО «Жас отан» ЖҚ төрағасы - Бекешев Сұлтанбек Евгеньевич. Қоғамдық даму және психологиялық мәдениетті қолдау қорының оқытушысы Сания

Фестивальге МДО және ЖББ мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты. Конкурс 3 кезеңнен тұрды:

1 кезең – театр ертегілері

2 кезең – аниматорлар сайысы

3 кезең – «Қол өнер»


Құзыретті әділқазылар алқасының шешімімен номинациялар және орындар тағайындалды.

А.Ф.Герасимова мен Ф.Р. Халитова басқарған ДОВ-32 тобы конкурстың жеңімпаздары болды.

1 орын - НО12С, НО22С (Есентаева Н.К., Жунусова Н.А.)

2 орын – НО-32 тобы (Козганова У.К.)

«Ең үздік режиссерлік шешім» және « Ең үздік  рөл» номациясы – НО-32 (Козганова У.К.)

«Автордың ең үздік сөздері» номинациясы – ЖББ-21,31 және МДО-31 (Нурсеитова Р.З., Рахметова Р.З.)

«Ең үздік декорациялар» номинациясы – НО-12,22 (Сатиева С.М., Бейсембаева С.А.)

«Әртістік» және «Ең үздік шығармашылық қуыршақ өнері» номинациясы – ДОВ-12,22 (Бейсенбаева Г.А., Курганова Н.Ө.)

Шайхина Г.Ж.,Корнева О.С., Наенко А.Б.