23 қыркүйек 2019 жылы М.Ауэзова,184 жатақханасында кезекшілік жасаған кураторлар Кокишева А.К. және Анафина А.К. білім алушылармен «Темекі шегудің зияны» атты дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жеркенуге үйрету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Дәрістен кейін білім алушылармен тренинг өткізілді. Тренинг ұйымшыл болуға үйрету, ұжымды біріктіру. Қолайлы психологиялық климат орнату, тұлға аралық қатынастағы кедергілерді жою, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру. Барлық білім алушылар тренингте белсене қатысты. Тренингтің соңында білім алушылар өз пікірімен бөлісті.
Кокишева А.К., Анафина А.К.